Қазақстаннан Қырғызстанға 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24.kg мәліметінше, қазақстандық Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қоры Қырғызстанның оңтүстігінде селден зардап шеккендерге Алматыдан 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілген.
19 шілде күні гуманитарлық жүк көлігі қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өтті. Қазақстаннан ұн, қант, гигиена құралдары мен қажетті тауарлар жіберілген.
Гуманитарлық көмек табиғи апаттан көбірек зардап шеккен Ош облысына бағытталды.
Шілде айының басында елде сел жүріп, 10 адам қайтыс болды, құрбандардың төртеуі Қазақстан азаматтары.