Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдікке айыппұл салынды

28 Қазан, 17:52 397

Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.

Оның қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды, - делінген мәліметте.

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиіс.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: