Қазақстан құрамасын қолдауға Президент барды

17 Қараша 2023, 20:53 1380

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен кездеседі. Осы матчты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ қазақтың атақты әншісі Димаш Құдайберген де жігіттерге стадионда қолдау көрсетеді.

Қазақстан құрамасы 8 турдан кейін 15 ұпай жинап, Н тобында үшінші орында тұр.

Перизат Саденова
Бөлісу: