Қазақстан құрамасы Грекияда өтетін FIRST Global робототехникадан әлемдік олимпиадада ел намысын қорғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа әлемнің 190-нан астам елінен келген жас инженерлер қатысады. Биылғы ойын әлеуметтік мәселелерге арналған.
Қазақстан құрамасының қатарында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 11 және 12 сынып оқушылары: Ердәулет Тургенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан. Олар олимпиадаға қатысу үшін Афина қаласына келді.
Еліміздің құрамасы 40-тан астам команданың арасында ұлттық іріктеуден өтті. Балалар әлемдік кезеңге 1,5 ай бойы дайындалды және күн сайын роботтың жұмысын жетілдірді. Олимпиадада команда азық-түлік мәселесін шешуге бағытталған жобасын ұсынады. Робот әртүрлі түсті шарлар түрінде су мен энергияның имитациясын жүзеге асырады. Оқушылар оларды арнайы индикаторлары бар контейнерге апаратын және жинайтын роботқа береді», — деп бөлісті құрама бапкері және USTEM Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Асылбек Мырзахметов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада және 2023 жылы Сингапурда жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ел намысын әр жылы әртүрлі командалар қорғады.