Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңілді

17 Мамыр, 09:50 700

Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта ұтылды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері В тобының үздігі саналатын Швециямен кездесіп, жеңіліс тапты. Есеп - 1:3.

Қазақстан сапынан Әділ Бекетаев 46-минутта көзге түсті. Ал қарсыластар құрамынан Маркус Йоханссон (11-минут), Линус Йоханссон (36-минут) және Фабиан Зеттерлунд (42-минут) мергендігімен танылды. 

Осылайша, біздің команда кезекті кездесуде жеңіліп отыр. Бұған дейін қазақстандықтар Францияны 3:1 есебімен жеңіп, кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берген еді. 

Қазақстан командасы топтағы келесі ойынды 17 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: