Қазақстан құрамасы Люксембургтен де ұтылды

27 Наурыз, 09:04 657

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Стад-де-Люксембург» стадионында Люксембургпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Командалар алаңға мына құраммен шықты:

Люксембург: Морис, Бонерт, Мартенс, Жерсон, Янс, Синани, Баррейру Мартинш, Мартинс, Олесен, Боржеш Саншеш, Родригес;

Қазақстан: Шацкий, Асранқұлов, Әліп, Марочкин, Быстров, Тапалов, Зайнутдинов, Садыбеков, Тағыберген, Оразов, Самородов. 

Ойын басталған соң араға екі минут салып Асхат Тағыбергеннен әуелетіп пас алған Әділет Садыбеков құрамамызды алға шығарды. Алаң иелері де шабуылға лап қойғанымен, нәтиже бермей жатқан. Дегенмен сондай бір шабуылдардың бірін Жерсон Родригес пайдаланып, таразы басын теңестірсе, бірінші тайм аяқталар тұста Данель Синани мергендік танытты.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Магомед Адиев ойыншы алмастырса да, футболшыларымыз екінші рет қарсылас қақпасын дәл көздей алмады - 2:1.

Осылайша Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан оңбай ұтылған Қазақстан Люксембургке де жол берді.

Люксембург — Қазақстан - 2:1 (2:1)
Голдар: Садыбеков 2 (0:1), Родригес 24 (1:1), Синани 45 (2:1). 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: