Ташкентте көркем гимнастикадан Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жарыстың кезекті күні отандастарымыз шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.
Алтынды 33,40 ұпаймен Қытай елінен келген жеңіл атлеттер жеңсе, қола өзбекстандықтарға бұйырды (27,95 ұпай).
Сондай-ақ біздің команда лента, доп жаттығуларында 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.