7 желтоқсанда Токио (Жапония) қаласында 2024 жылғы дзюдодан соңғы Grand Slam турнирі басталды. Бірінші күні Қазақстан құрамасының спортышлары финалдық кезеңге өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Дәурен Сүйкенов алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Мишель Аугустодан жеңіліп қалды. Шерзод Давлатов та бірінші кездесуінде ұтылды. Оның қарсыласы монғолиялық Елк Казирбиек болды.
73 келіге дейінгі салмақта Бақытжан Әбдірахманов румыниялық Лучиан Борсты жеңіп, бірақ кейін америкалық Джек Енезукиге жол берді.
Қыздар арасындағы бәсекеде қазақстандық дзюдошылар алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жете алмады. Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жапониялық Нанако Цубонеге, Дана Әбдірова (57 келіге дейін) моңғолиялық Ариунза Тербишке, ал Самалай Ерғалиева (63 келіге дейін) тағы бір жапониялық Мегуми Хорикавеге жеңілді.
Осылайша, Қазақстан бірінші күнді медальсіз аяқтады.