Қазақстан құрамасы географиядан EGeO олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

3 Шілде, 17:31 477
Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кұрама команда нәтижесі:

Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;

Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Команда жетекшісі — Абай Дүйсен —республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: