Қазақстан құрамасы ашыртмалы аба гюрешинен 3 күміс жүлде алды

13 Қыркүйек, 09:45 627

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюреши мен қырғыз халқының ойыны ордо аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түрік халқының ашыртмалы аба гюреши сайыстарына 5 қазақстандық спортшы қатысты. Олардың үшеуі ақтыұ сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, отандық балуандардың барлығы да финалда сүрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы ашыртмалы аба гюрешин 3 медальмен аяқтады.

  1. Ернұр Сүлеймен – күміс жүлде (60 келі)
  2. Әділет Ахметғали – күміс жүлде (70 келі)
  3. Айдос Ғалымов – күміс жүлде (90 келі)

 

Сонымен қатар, «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан қырғыз халқының ордо ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы Чехия және Монғолия құрамаларынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Отандық асықшылар топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.

Суреттер: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Равиль Ашығали
Бөлісу: