Қазақстан құрама командалары шабуыл сатысымен көтерілуден үздік үштікке енді

19 Мамыр, 06:37 606

Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы орталық стадионда өрт-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер арасында «Дружбы» кубогы мен «Золотая штурмовка» жүлдесіне халықаралық жарыстар өткізілуде. Жарыстар 20 мамырға дейін өткізілетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстарға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь Республикалары және Ресей Федерациясының спортшылары қатысуда. Қазақстан атынан 20 спортшыдан құрылған ерлер мен әйелдер екі ұлттық құрама командасы өнер көрсетуде.

Өрт-құтқару спорты-бұл тек көлденең ғана емес, сонымен қатар тігінен де жүгіріп, оқу мұнарасының екінші және төртінші қабаттарының терезелеріне «шабуыл сатысы» арқылы көтерілетін бірегей жарыс.

Оқу мұнарасының екінші және төртінші қабаттарының терезелеріне «шабуыл сатысы» арқылы көтерілу қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының командаларына есе жіберіп, үшінші жүлделі орынға ие болды.

Қазақстан спортшылары Исманов Дидар 13,77 секунд және Тұрсын Айдана 7,25 секунд үздік нәтижелер көрсетті.

Зарина Арман
Бөлісу: