Қазақстан қоғамындағы әйелдердің рөлі талқыланды

6 Наурыз 2023, 21:28 1001

Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Қазақстан қоғамындағы әйелдердің рөлі» тақырыбында пікірталас өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Талқылауға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдызай Ысқақова, «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыспен қамту басқармасының сарапшысы Бақтыгүл Сарина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сараптамалық талдау басқармасының сарапшы-менеджері Гүлмира Сұлтанғазы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева қатысты.
 
Сарапшылар кәсіпкерлік саласындағы әйелдерді қолдау, олардың елдің саяси өміріндегі рөлі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әйелдер мен отбасының әсері, гендерлік квоталар мен стереотиптер сынды тақырыптарды талқылады.

EL.KZ
Бөлісу: