Өзбекстан тарапымен «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты бүгін 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті де жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пунктері арқылы шекараны жаяу және жеке пайдалану үшін көлік құралдарымен кесіп өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін еске салады. Бұл ретте жаяу жүргіншілер өткелі «Қапланбек», «Б.Қонысбаев» өткізу пунктері мен «Сырдария» және «Целинный» бақылау-өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылады.
Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Қазығұрт» және «Тәжен», ал темір жол көлігімен өткізу «Сарыағаш» және «Бейнеу» темір жол өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылатын болады.