Қазақстан өз алаңында Арменияны ойсырата жеңді

4 Маусым, 22:09 845

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Алматыда Армениядан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас бапкер негізгі құрамда мына ойыншыларға сенім артты:

Қазақстан:

1. Ангелина Портнова, 
5. Хайрулина, 
6. Анастасия Низамутдинова, 
7. Камила Құлмағамбетова, 
8. Аида Гайстенова, 
9. Бибігүл Нұрышева (кап.), 
10 Әсем Қаражанова, 
15. Әмина Бибосинова, 
18.Александра Бурова,
20.Камила Совет,
21. Әселхан Тұрлыбекова.

Қыздардың қарымта ойынға тың шыққаны бірден көрінді. Қимылдары да ширақ, бір-біріне пас беруде де сенімділік байқалды. 
Соның арқасында есепті де бірінші болып ашты. Бірінші таймда алдымен Александра Бурова мергендігімен көзге түссе, көп ұзамай Аида Гайстенова есепті еселеді. Сонан соң қонақтар есепті қысқартты.

Екінші таймда қыздарымыз шабуылды үдетіп, бұл жолы команда капитаны Бибігүл Нұрышева қарсылас қақпасын дәл көздесе, Әселхан Тұрлыбекова таблодағы айырмашылықты ұлғайта түсті - 4:1.

Матч осы есеппен аяқталды. Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу тобында алғашқы жеңісі екенін еске сала кетейік.

Естеріңізде болса, Арменияның Армавир қаласында өткен алғашқы матчта Мадияр Кембілов шәкірттері алаң иелеріне жол берген. Ол кезде құрамадан жалғыз голды Камила Құлмағамбетова салып, кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 2:1.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: