Қазақстан Орталық Азияның ең ірі іскерлік жəне транзиттік хабы болуға үміткер

20 Қазан 2022, 11:10 2676

Астанада «Airport Expo’2022» халықаралық алғашқы әуежай инфрақұрылымының көрмесі өтіп жатыр

Еліміздегі азаматтық авиация көптеген жаңашылдыққа бет бұрып келе жатыр.  Одан әрі даму мақсатында әуежай инфрақұрылымының алғашқы халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеден кейін келешегі зор бағдарламалар іске қосылмақ деген сенім бар, деп хабарлайды El.kz

Әлемдік маңызы бар көрмеге 10-нан астам елдің өкілдері қатысуда. Бұл көрме - азаматтық авиацияны жаңғырту жəне жетілдіру мəселелерін шешуде келешекте елеулі көмек көрсетеді. Сонымен қатар, аталмыш бас қосу  Орталық Азияның географиялық аумағында ең ірі салалық оқиғаға айналу перспективасы бар. Бұны мақсатқа қол жеткізу жолында бірінші қадам деуге тұрарлық. Негізгі тақырыптық бағыттар бойынша арнайы қатысушылармен ұсынылған жаңа технологияларды, техниканы жəне жабдықты қолдану аясын бұдан да көбірек кеңейтуге мүмкіндік беретін перспективалық бағдарламаларға старт береді. Түрлі бағыттарда ашылып жатқан әуе жолдарын ескерсек, экономиканың өсімі арта түседі.

«Бүкіл әлемдік маңызды оқиға ретінде қарастырсақ болады. Пандемиядан кейін авиация саласы сәтті қалпына келуде. Көп өзгерістерге ұшырағанымен жаңа технологияларды енгізуге сұраныс бар. Контактісіз технологиялар мен жаңа жабдықтарды орнату қажеттіліктері туындауда.  Бұл көрме өндірушілер мен жеткізушілерге авиакомпаниялармен табысты келісімшарттар жасау мүмкіндігі болып табылады. Бұл көрменің нәтижесі авиация саласының кеңеюі және әуежай компанияларындағы қызмет көрсету сапасының жақсаруы болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.

Бұл көрмеге әлемнің Экспозициялық көрмеде Орталық Азиядағы халықаралық әуежайлардың стендтері мен ірі аэродром жабдықтары ұсынылған. Ірі габаритті əуайлақтық техника стендтері келушілердің назарын аудармай қоймады. Азаматтық авиацияға арналған технология мен жабдықтың ірі американдық өндіруші фирмалар АҚШ-тың ұлттық стендін де ұсынды.

Қазақстан таяу арада Орталық Азиядағы ең ірі іскерлік және транзиттік хаб болуға іс-әрекеттер жасауда. Бүгінгі таңда Қазақстанның азаматтық авиация саласында оң өзгерістер байқалуда. Атап айтқанда, жаңа әуежайлар мен терминалдардың, сондай-ақ жаңа әуе бағыттарының іске қосылуы. Халықтың ұтқырлығын арттыру, әуе тасымалының қолжетімділігі заманауи әуежайдан бастап әуе кемелері паркін тиімді басқаруға дейін инфрақұрылымның даму деңгейін атап өткен жөн.

 «Airport Expo’2022» көрмесінде көрменің негізгі тақырыптық бағыттары бойынша қатысушылар ұсынған жаңа технологияларды, машиналар мен жабдықтарды қолдану аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін перспективалық бағдарламалар іске қосылады деп күтілуде. Қатысушы болып келген Белоруссия, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария, Эстония елдерінің өкілдері зор үміт артады.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылып, келісімдер жасалып жатқанын көрсетті.

 

Айым Даниярқызы
Бөлісу: