Қазақстан өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық чемпионатқа қатысып жатыр

5 Қыркүйек 2023, 23:01 1245

Қазіргі уақытта еліміздің 4 ұлттық рекорд жаңартылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

4х100 м өрт эстафетасының түрі бойынша өткен өрт-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатындағы жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша еліміздің әйелдер ұлттық құрамасы 62,22 секунд нәтижесімен жүлделі III орынға ие болды, осылайша осы жарыс түрі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын жаңартты (бұрынғы рекорд 62,26 секунд). Команда құрамында: Сұлтанова Айжан, Реджеметова Ситор, Бажева Айнура, Хорошева Анастасия жүгірді.

Беларусь Республикасының әйелдер құрамасы 61,49 секунд нәтижесімен күміс жүлдегерлер атанды.

Өрт эстафетасы бойынша Ресей Федерациясы 58,61 секунд уақытты көрсетіп әлем чемпионы болды.

4х100м өрт эстафетасы бойынша өткен өрт-құтқару спорты бойынша өткен ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатында әйелдер құрамасының соңынан еліміздің ерлер ұлттық құрамасы 55,75 секунд нәтижесімен жүлделі III орынға ие болды, осылайша осы жарыс түрі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын жаңартты (бұрынғы рекорд 56,26 секунд). Команда құрамында: Шарипханов Ержан, Подгородецкий Петр, Буторин Николай, Черносвитов Максим жүгірді.

55,5 секунд нәтижесін көрсеткен Қытай Халық Республикасының ерлер құрамасы күміс жүлдегерлер атанды.

Өрт эстафетасы бойынша Әлем чемпиондары 55,06 секунд нәтижесін көрсеткен Өзбекстан Республикасы атанды.

Қазіргі уақытта бізде 4 ұлттық рекорд жаңартылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: