Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады

4 Ақпан, 10:11 586

Қазақстанның Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды, - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомство дерегінше, Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: