Қазақстан өңірлері мен Тула облысы ынтымақтастықты кеңейтуде

14 Қыркүйек, 16:36 499

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Дәурен Абаев Тула облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір губернаторы Дмитрий Миляевпен кездесу барысында ҚР Елшісі оны облыс басшылығына өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, келе жатқан Тула қаласының күнімен де құттықтады.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Бірінші жартыжылдықта көрсеткіш екі есеге артып, 104,67 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан ТМД елдері арасында өңірмен сыртқы сауда көлемі бойынша екінші орында тұр. Экономикалық байланыстардың әлеуеті таусылмағандығы және оларды ұлғайту үшін кең мүмкіндіктер бар екендігі де аталып өтті.

Тула облысы машина жасауда, құрал құрастыру және металл өңдеуде алда. Қазақстандық компаниялар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен кәсіпорындарды құруға және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі. Өзара сауда-көрме іс-шаралары екіжақты байланыстарды жандандыруға үлкен көмек бола алады.

Кездесу барысында тараптар білім беру мен мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін жеткізді.

Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында Д. Абаев «Азот» ҰАК (аммиак пен азот тыңайтқыштарының ірі өндірушісі), «Аурика» ЖШҚ (Ресейдегі есту аппараттарының жетекші өндірушісі) сияқты кәсіпорындарға да барып, ынтымақтастықты бекіту мәселелерін талқылады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: