ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Йошикава Юумимен кездесіп, екі елдің арасындағы экономикалық әріптестіктің перспективасын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ведомство басшысы еліміздің экономикасына инвестиция тарту үшін Жапонияның ірі бизнесімен әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Бұған қоса тараптар таяу арада үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуге байланысты нақты мерзімді белгілеуге уағдаласты.