Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстар нығайып келеді

3 Ақпан 2023, 13:19 1533

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға арналған «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» тақырыбында көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол алғаш рет Қазақстан азаматтарының бастамасымен «people-to-people» (адамдардан адамдарға) форматында «Pepelsneg Parlour» компаниясының демеушілігімен елордамызда ұйымдастырылып, қатысушыларға жақсы сый-тарту болып үлкен әсер етті.

Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылған 30 жыл ішінде саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып ғана қоймай, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайып келеді.

Көрменің ашылуына қатысқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш өз сөзінде Жапония мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін және әлемдік өркениеттер арасындағы алатын орны туралы атап өтті. Сондай-ақ, қазақ және жапон мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына ерекше мән берді.

Көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігінің, Қазақстанда аккредителген шетелдік елшіліктерінің өкілдері, еліміздің академиялық және іскерлік топтары, Астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: