Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

4 Мамыр 2023, 12:15 1783

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен Ақордада екіжақты ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентінің сапарына үлкен мән беретінін атап өтіп, тарихи сапар екендігін тілге тиек етті.

Мен сіздің сапарыңызға үлкен мән беремін. Бұл кездесу елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Сондықтан одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қойылады. Жаңа ғана стратегиялық жобаны дайындау қажеттігі туралы айттық. Үкіметтерге осы мақсаттарды іске асыруды тапсырдық. Екіжақты ынтымақтастық негізде жаңа биіктерге қол жетіземіз деп сенемін. Үлкен жұмыс күтіп тұр. Өйткені одақтастық қатынастар жаңа стратегиялық жобаларды білдіреді. Тағы бір мәрте біздің елге сапарыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент Қазақстан көп жылдан бері Тәжікстанның екінші ірі сауда серіктесі болып табылатынын айтты. Өткен жылы екі мемлекет арасындағы сауда көлемі 1,4 миллиард долларды құраған.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: