Қазақстан мен Ресей креативті индустрияны дамыту саласында тәжірибе алмасты

24 Ақпан, 16:50 654

Креативті индустрияны дамыту саласы бойынша екі ел арасында тәжірибе алмасу және зерттеу мақсатында қазақстандық делегация Мәскеуге барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігін креативті индустрия департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева таныстырды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс сапары аясында делегация мүшелерінің Мәскеу Үкіметінің министрі, Мәскеудің сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Череминмен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоспарлары мен болашағын талқылады, киноиндустрия, анимация, музыка, дизайн, көркем және әдеби шығармашылық, театр өнері және т. б. басым бағыттарда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырды, - делінген мәліметте.

Қазақстандық делегация бірқатар сәтті кейс атанған арт нысандар мен креативті кеңістіктерге барды.

Штат саны 150 адамнан тұратын бірнеше бөлімдер жұмыс істейтін «Креативті индустриялар агенттігін» құру тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Жүргізілген талдаудан кейін ведомство елорда үшін 2024-2025 жылдарға арналған шығармашылық қызметтің 10 басым түрін анықтады. Агенттік кино саласына үлкен көңіл бөледі. Мәскеуде арнайы кинокластер құрылды, онда жоба соңына дейін креативті адамдарға қолдау көрсетеді.

Креативті хабтарды құрудағы ресейлік тәсіл де қызығушылық тудырды.  Қаладағы қараусыз қалған ғимараттар өнер кеңістігіне айналған. Жобаны сәтті ұйымдастырудың арқасында бірнеше тарихи нысандар шеберлік сыныптары мен көрме өткізілетін алаңға айналды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: