Арман Шаққалиев Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңес қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар жақын арада сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Биылғы 9 айда Қазақстанның тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады. Оң динамика сақталуда және еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететін болады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар жақын арада сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өткізу пункттерін жаңғырту және кеңейту, су-энергетикалық өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастық, логистикалық және тарату орталықтарын салу мәселелері қаралды. Бұл іс шаралардың барлығы таза практикалық сипатқа ие, — деп атап өтті Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.