Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық жөнінде келісім орнатты

9 Қазан, 16:00 459

Мәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа 2023 жылдың 12 желтоқсанында Дохада қол қойылған. Келісімді ратификациялау елдерімізге әскери білім мен ғылым, әскери медицина секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әскери саладағы мәдени-спорттық іс-шаралар, бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер, жауынгерлік дайындық және басқа да бағыттар қарастырылған. Келісім аясында екі мемлекеттің уәкілетті органдары әскери ынтымақтастықты анықтайтын, ұйымдастыратын және үйлестіретін бірлескен жұмыс тобын құратын болады.

Миражан Махан
Бөлісу: