Қазақстан мен Өзбекстанда жер сілкінді

11 Қаңтар, 16:52 2151

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 11 қаңтар күні сағат 15:20-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде – Ауғанстанда болған.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 6,4.

Шымкент және Жамбыл облысында 2 балл болып сезілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: