Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

7 Қаңтар, 21:29 344

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды вдеомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
 
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға қолғабыс көрсетуге өзара дайындығын растады. Сонымен қатар биыл өтетін аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: