Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары сөйлесті

29 Желтоқсан 2023, 00:28 1118

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен 2024 жылға арналған іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.

Оның қорытындысы бойынша Сыртқы саяси ведомстволар басшылары көпжақты қазақ-өзбек ынтымақтастығы дамуының жоғары серпінін атап өтіп, достық, тату көршілік және одақтастық рухында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара ниет білдірді.

Берік Арманов
Бөлісу: