Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында индустриялық аймақ құрылады

Бүгiн, 10:27 156

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс депутаттарының назарына «Орталық Азия «халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы» келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталықта «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналасқан және өндірістік алаңдар сақтау қоймалары, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы болады. Бұл жүк тасымалдауды жылдамдатуға логистикалық шығындарды азайтуға жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға тұтынушы үшін өнімнің соңғы құнын төмендетуге жеткізілімдердің жылдамдығын арттыруға сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді, - дейді Арман Шаққалиев.

Келісім бойынша Орталықтың жалпы аумағы - 100 гектар. Қазақстан бөлігі — 50 гектар Өзбекстан бөлігі — 50 гектар.

Белгіленген аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі. Орталықтың инфраструктура құрылымы бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Түркістан облысы әкімдігі ашық конкурс өткізіп негізгі инвесторды анықтады, - дейді министр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: