Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестікті нығайтады

4 Ақпан 2023, 09:23 1544

Бұл туралы СІМ мәлім етті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Корея Республикасының Елшісі Ку Хоң-сокпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері туралы ой бөлісті. 

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде белсенді саяси диалогты сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ Астана мен Сеул арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін жеткізді. Өз кезегінде корей дипломаты өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын білдірді.

Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 6 млрд АҚШ доллардан асады. Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвестор елдері арасында 6-шы орынды иеленуде. Елдеріміз логистика, машина жасау, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, тау-кен металлургиясы, электроника және мұнай-газ өнеркәсібі тәрізді салалардағы жобаларды бірлесіп іске асырумен қатар, ықпалдастықтың кең ауқымды ынтымақтастығын дамытып келеді. 

EL.KZ
Бөлісу: