Қазақстан мен Нидерланд СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

3 Сәуір, 23:47 934

Нидерланд тарапының бастамасымен еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Перизат Саденова
Бөлісу: