Қазақстан мен Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

10 Ақпан 2023, 11:28 1419

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.

Қ анат Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: