Қазақстан мен Италия үкіметтері арасында келісім бекітіледі

27 Желтоқсан 2023, 21:02 895

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қазақстан Республикасында қаза тапқан Италия әскери қызметшілерінің және Италия Республикасында қаза тапқан Қазақстан әскери қызметшілерінің жерленген жерінің мәртебесіне қатысты келісімге қол қою туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Құжат екі мемлекеттің аумағындағы әскери қызметшілердің жерленген орындарын анықтауға, есепке алуға, жайластыруға және күтіп-ұстауға байланысты қызметті ретке келтіруге бағытталған. Мұндай келісім жерлеу орындарының сақталуына және оларды тиісті тәртіппен ұстауға жәрдемдесетін болады. 

Осы НҚА жобасында Қазақстанның Қорғаныс министріне Келісімге қол қоюға өкілеттік беріледі.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 11 қаңтарына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: