Қазақстан мен Грузия Транскаспий бағытында байланысты күшейтеді

5 Ақпан, 17:02 435

Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен. Бұл 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда шамамен бес есе көп.

Біз өңірдің көліктік байланысын арттыруға және транзиттік жағдайларды жақсартуға мүдделіміз. Қазақстан Үкіметі серіктестіктің барлық бағыттары бойынша қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмысты жалғастыруға дайын, – деді Олжас Бектенов.

Диана Орынбасар
Бөлісу: