Грузия премьер-министрімен кездесуде Қазақстан үкімет басшысы Олжас Бектенов екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы 20 жылда грузиялық инвесторлар Қазақстанға 400 миллион доллардан астам қаржы салды, ал біздің кәсіпкерлер грузин экономикасына шамамен 620 миллион доллар инвестициялады, – деді Олжас Бектенов.
Айталық, Грузияда қазақстандық "ҚазТрансОйл", Rompetrol Georgia және Halyk Bank Georgia компаниялары сәтті жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Грузиядағы инвестициялық бағыт «Шови курорты», Holiday Inn Express қонақ үйі және Тбилисидегі «Симетрия Парк» тұрғын үй кешені сияқты жобаларға бағытталған.
Біз инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі ел арасындағы бизнесті жақсартуға мүдделіміз, – деді Бектенов.