Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 9,7 млрд еуроға жетті

11 Қыркүйек 2023, 17:00 1820

Қазақстан-Германия бизнес форумында спикерлер екі жақтың инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш форумға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ қолдауымен Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігі, Германияның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдары мен жеке бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия экономикасының 40-тан астам жетекші өкілі қатысты.

Оқи отырыңыз:

Форум аясында іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту және кеңейту және екіжақты сауданы ілгерілету перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның нақты, бірлескен жобалары сөз болды.

Өз кезегінде Германияның сауда өнеркәсіп палатасы сыртқы сауда басшысы Фолькер Трайер өңірдегі қалыптасқан геосаяси жағдай аясында екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айтып берді.

Германия статистикасына сәйкес, елдер арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 90,2% өсіп, жалпы сомасы 9,7 миллиард еуроға жетті. Қазақстанның Германияға экспорты да 86,5% артып, 6,9 миллиард еуроны құрады, – деді ол.

«KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов еліміздің инвестициялық ахуалы, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, неміс компанияларын Қазақстанда жобаларды іске асыруға шақырды.

Бұған дейін Роман Скляр Қазақстан Германияның  экономикалық серіктесі екенін айтқан. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: