Қазақстан мен Францияның өнеркәсіптік кооперациясы 8 жобаны іске асыруда

11 Қазан, 01:26 401

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Париж қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Франция мен Қазақстан арасындағы достық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды ұйымдастыру мақсатында Қанат Шарлапаев жетекші француз компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Қазіргі таңда екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың өнеркәсіптік кооперациясы жалпы сомасы 574,6 миллион долларды құрайтын 8 жобадан тұратынын және 1 936 жұмыс орнын қамтамасыз етіп отырғанын ескерген жөн.

Министр «УМЗ» АҚ мен «Orano Group» арасындағы жоғары байытылған уран материалын сұйылту туралы келісім жобасын талқылау үшін «Orano Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Француз тарапынан Атқару комитетінің мүшелері, бас директор, стратегия және даму, халықаралық қоғаммен байланыс директорлары болды.

«Orano SA» – француз трансұлттық компаниясы және жаһандық ядролық отын айналымының негізгі ойыншысы. Ол уран өндіру, оны түрлендіру және байыту, ядролық отынды қайта өңдеу және ядролық логистикамен айналысады. «ҮМЗ» АҚ мен «Orano» компаниясы арасында құрамында уран бар материалдарды өңдеуге келісім-шарт жасалды. 

Келесі кезекте Қанат Шарлапаев СРИМ, «AFD» және «BRGM» арасындағы Балқаш бассейнін зерттеуге 1 млн еуродан астам сомаға грант бөлу туралы Меморандум жобасын талқылау мақсатында «BRGM» бас директорының орынбасары және ғылыми директоры Кристоф Пуансомен және бөлек «AFD» Азия, Таяу Шығыс және Еуропа мемлекеттері бойынша директоры Сириль Бельемен жеке кездесулер өткізді.

«BRGM» – геология және тау-кен ісі саласындағы зерттеулермен айналысатын француз ұлттық агенттігі. Жұмыстың негізгі бағыттарына пайдалы қазбаларды барлау, су ресурстарын басқару, табиғи қауіп мониторингі және тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы кіреді.

Француз Даму Агенттігі тобы (AFD) әділ және тұрақты әлемге көшуді қаржыландырады, қолдайды және жеделдетеді. Ол сондай-ақ Францияда және әлемнің 160 елінде 3 600-ден астам жобаны жүзеге асырады. Агенттік Франция мен халықаралық қауымдастық белгілеген Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға белсенді қатысады.

Іссапар барысындағы маңызды кездесулердің бірі стратегиялық минералдар мен металдарды жеткізу жөніндегі Ведомствоаралық өкіл Бенджамин Гальзомен маңызды материалдар аясындағы ынтымақтастықты талқылау болды. 34 пайдалы қазбадан тұратын Еуропалық шикізат альянсы ынтымақтастық саласында әлеуетті қызығушылық тудырады. Ал Қазақстанда маңызды шикізаттың 19 түрі өндіріліп, өңделеді, 14 шикізат түрі бойынша шикізат базасы болғанымен, өндіріс жоқ

Қанат Шарлапаев «InfraVia Capital Partners» серіктестері Томас Лагре және Ромен Дешелеттпен, одан кейін «Air Liquide» компаниясының Еуропа, Африка, Таяу Шығыс және Үндістан мемлекеттері бойынша вице-президенті Эмили Мурен-Ренуармен кездесті.

«InfraVia Capital Partners» – цифрлық B2B компанияларының өсуіне бағытталған еуропалық инвестициялық қор. Компания 15-ке жуық жылдам дамып келе жатқан еуропалық компанияны қаржыландырады. Өзінің портфельдік компанияларына қаржылық ғана емес, сонымен қатар операциялық және стратегиялық мәселелерде практикалық қолдау көрсетеді.

«Air Liquide» компаниясының негізгі бағыты – аутсорсинг негізінде өнеркәсіптік тұтынушыларға оттегі, азот, сутегі, аргон және т.б. сияқты техникалық газдарды өндіру және жеткізу.

Бұдан бөлек, министр «EDF»  аға вице-президенті Ксавье Урсатпен кездесу өткізді. «EDF»  – Францияның ең ірі энергия өндіруші компаниясы және әлемдегі ең ірі атом электр станциясының операторлық компания. Бұған дейін компания Қазақстан Республикасындағы бірінші атом электр станциясын салу бойынша компаниялардың қысқаша тізіміне енгізілген болатын, ол Балқаш көлінің суын ғылыми зерттеу жобасымен айналысып жатқанын да атап өткен жөн.

Қанат Шарлапаев «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия мемлекеттері бойынша президенті Эндрю ДеЛеонемен кездесті. Компания Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 1000-нан астам қызметкерді жұмыспен қамтып, темір жол көлігі саласында елеулі өнеркәсіптік база құрды. Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Alstom» компаниясы арасында бір көзден сатып алу арқылы 205 KZ6 электровозды жеткізуге негіздік келісімшартқа қол қою пысықталып жатыр. Бұл кездесу алдағы іс-қимыл стратегиясын анықтау және келісу мақсатында ұйымдастырылған.

Министр Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі Министр-делегат Софи Примамен екіжақты кездесу өткізді. Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз стратегиялық әріптесі. Нәтижесінде Министрлер экономиканың түрлі салаларындағы экономикалық серіптестіктің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Министр «Suez» компаниясының Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша бас директоры Поль Бурдильонмен және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Сильвер Делонэмен және «Veolia» компаниясының өкілдерімен кездесіп, ағынды суларды бұру саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

«Suez Group» – су, ағынды су, электр және газ өнеркәсібіндегі әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Әртараптандырылған «Veolia» компаниясы қызметтің үш саласына маманданған: сумен жабдықтау және тазарту, коммуналдық қызметтер және энергетика.

Зарина Арман
Бөлісу: