Қазақстан мен Финляндия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

23 Қараша 2023, 22:11 1183

ҚР әділет министрі Азамат Есқараев Финляндия Республикасының әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, «Адам құқықтары», «Конституциялық сот туралы» және «Прокуратура туралы» конституциялық заңдарды талқылады.

Сондай-ақ тараптар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне жүргізілген тексеруді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының мәселелеріне тоқталды.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында заң үстемдігін қамтамасыз ету шеңберінде қабылданған шаралардың маңыздылығын және бірлескен жұмыс перспективаларын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Перизат Саденова
Бөлісу: