Қазақстан мен Бразилия сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтуде

25 Тамыз 2023, 21:03 1142

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Бразилияға жұмыс сапары барысында іскер топтар мен экономикалық бірлестіктердің өкілдеріне арналған «Бразилия-Қазақстан: инвестициялық және сауда мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Іс-шараға Бразилияның Сауда палатасы (CNC), Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясы (CNI), Жеміс өндірушілер мен экспорттаушылар қауымдастығы (Abrafrutas), Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен мал өсірушілер конфедерациясы (CNA) болды, Сиыр еті экспорттаушылар қауымдастығы (ABIEC), Embraer ұшақ өндірушісі, «Minerva foods» азық-түлік, «Vale» тау-кен компаниялардың өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шараны Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі «InvestSP» Инвестицияларды ынталандыру агенттігімен және Сан-Паулу штатының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Отырыс барысында Қазақстаннан Бразилияға тауар жеткізуді ұлғайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстандық компаниялардың өкілдері баяндамалар жасап, бразилиялық компаниялармен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі Ғалымжан Матаевтың Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, көлік бағыттары мен жеткізу тізбегін әртараптандыру туралы баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Дөңгелек үстел соңында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «BGI Brazil» Экономикалық заңгерлер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, сапар барысында Қ. Омаров Ұлттық өнеркәсіптік конфедерацияның (CNI) Вице-президенті Гилберто Петримен кездесіп, ү.ж. 13 сәуірде Астанада өткен Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ бразилия тарапы қазақстандық компаниялар үшін қызығушылық тудыру мүмкін бірқатар жаңа жобаларды ұсынды.

Сапар соңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ. Омаров Сан-Паулудағы Қазақстанның бірінші Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға Бразилияның мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси және іскер топтарының, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: