Қазақстан мен Беларусь спорттық және туристік әріптестікті дамытады

8 Қыркүйек, 23:49 475

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрінің орынбасары Александр Бараулямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында министр Беларусь спортшылары көшпенділер ойындарына қатысуға белсенділік танытқанын, сонымен қатар олар алыш, ашыртмалы аба гюреши, кураш және қазақ күресінен қатысатынын атап өтті.

Жиында екі ел нарығында туристік өнімдерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Туризм саласында ақпарат алмасу мүмкіндіктері мен туристерді тарту және туризмді дамыту мақсатында жыл сайынғы іс-шараларға, көрмелер мен конференцияларға қатысу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында министр Беларусь делегациясына 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, спорт және туризм салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызын атап өтті.

Зарина Арман
Бөлісу: