Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Рейстер «SCAT» әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.
Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.