Қазақстан мен Армения СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

24 Тамыз, 13:03 357

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. 

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: