Қазақстан машина жасау өнімінің экспортын арттыруды жоспарлап отыр

29 Қазан, 11:50 418

Қазақстан машина жасау өнімінің экспортын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында саланы одан әрі дамыту үшін 7 негізгі бағыт бойынша 79 іс-шараны қамтитын Машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 5 жыл ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 600 млрд теңге көлемінде, «ДАМУ» АҚ 50 млрд теңгеге қаржыландыру көзделген, бұл ШОБ-ты коммерциялық банктермен шамамен 370 млрд теңге сомаға қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты көлем индексін 2,2 есе, ақшалай өндірісті 4,5 есе, экспорт көлемін – 3 есе, еңбек өнімділігін – 2 есе, инвестицияларды – 1,5 есе ұлғайту бойынша қойылған нысаналы индикаторлар 2029 жылға қарай елдің ЖІӨ-ін екі есеге арттыру бойынша өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Мейрам Пішембаев.
Мөлдір Қайнар
Бөлісу: