Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы әлем кубогында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz-тің жазуынша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогының кезеңінде табысты өнер көрсетті.
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.