Қазақстан халықаралық банктен 543 млн доллар қарыз алуды көздейді

20 Қараша, 22:16 368

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 550 млн доллар көлемінде қарыз алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kursiv.media-ның жазуынша, несиені алдағы 11 жылда өтеуді жоспарлап отыр. Бұл – бюджет тапшылығын жабу үшін халықаралық қаржы ұйымдардан алынып отырған үшінші ірі қарыз.

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның International Bank for Reconstruction and Development (IBRD) ұйымынан несие алу туралы келісімді тақылауға қабылдады.

Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынған несие сомасы 84,9 миллиард иенді (шамамен 550 миллион доллар) құрайды. Өтеу мерзімі – 11 жыл. Бұл несие республикалық бюджет тапшылығының бекітілген деңгейінде ел экономикасының тұрақтылығын қолдауға бағытталған, - деді депутат Татьяна Савельева.

Бұған дейін Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін екі халықаралық банктен 337 млрд теңге көлемінде қарыз алатыны белгілі болды. Азия Даму банкінен – 15 жылға 52,3 млрд иен (167,8 млрд теңге), ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,7 млрд иен (169,1 млрд) көлемінде кредит тарту көзделген.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, қазір Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі 26 трлн теңгеден асқан. Ол жалпы ішкі өнімге шаққанда 23%-ды құрайды. Заң бойынша, бұл көрсеткіш 30%-дан аспауы тиіс.

Министр елдің сыртқы қарызы көп емес деп санайды. Тіпті халықаралық сарапшылар Қазақстанның сыртқы қарыз көлемін арттыруға бүкіл мүмкіндігі бар деген қорытындыға келген. Десе де министр бюджет тапшылығын жою мәселесі күн тәртібінде бірінші орында тұрғанын айтады. Сол үшін Үкімет бюджет шығынын азайтып, кірісін арттыру шараларын қолға алған. Бұл шаралар «жемісін» тек 2027 жылы бермек.

Зарина Арман
Бөлісу: