Қазақстан мен Қытайда автотуризмнің танымалдылығы артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр осы бағытты дамытуға арналған бірнеше халықаралық іс-шара өтті.
«Жібек жолы» автошеруі, Жібек жолы бойынша мототур және «Paris-Peking Motor Challenge» халықаралық іс-шарасы Қазақстанның автотуристері үшін тартымды ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ инфрақұрылым мен ілеспе қызметтердің дамуын ынталандырады. Осындай бастамалардың нәтижесінде Қазақстан Халықаралық автотуризм картасында маңызды орын алды, - деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ баспасөз конференциясында.