Қазақстанда халықтың жалпы санының 51,1 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Бұл көрсеткіш 10 381 377 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өскен. Олардың 64,4%-ы қалаларда, 35,6%-ы – ауылда тұрады.
Әйелдер саны бойынша Алматы бірінші орында тұр. Ірі мегаполисте 1,2 млн әйел тұрады. Екінші орында 1 млн әйел санымен Түркістан облысы, ал үшінші орынды 803 мың әйелмен Астана түйіндеп отыр.
Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған. Өсім – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен. Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 миллионы – 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны – 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны – 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы –34,1 жас, - деп жазылған комитет таратқан мәліметте.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етіп жүр.