Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жуықтады

4 Қазан 2023, 07:11 1075

1 қыркүйекте ел халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

 Ондағы мәліметке сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында елімізде 258 011 бала дүниеге келген. 

Ал 85 989 адам қайтыс болды.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 172 022 адамды көрсеткен.

Сондай-ақ, елге жыл басынан бері 17 200 адам келді, керісінше 11 303 адам кетті.

Қалаларда 12 368 662 адам тұрса, ауыл халқы – 7 576 064 адам.

Әйелдер саны – 10 205 957 адам, ерлер саны – 9 738 769 адам.

Былтырғы қазан айында Қазақстандағы халық саны 19 млн 700 мыңға жақындаған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: