Қазақстан халқының 65%-дан астамы энергия үнемдейтін шамдар пайдаланады

27 Шілде 2023, 08:28 1021

Үй шаруашылығында қолданылатын барлық жарықтандыру шамдарының 65,8%-ы энергия үнемдейтін жарықдиодты және люминесцентті шамдар, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстандағы үй шаруашылықтарында отын мен энергияны тұтыну бойынша жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Халықтың 28,9% қыздыру шамдарын пайдаланады. Айта кету керек, олардың ауылды жерлерде пайдалану үлесі қалалық жерлерге қарағанда басым – тиісінше 42,8% және 22,9%.
Халықтың тағы 5,2 пайызы күнделікті өмірде галогендік шамдарды пайдаланады.

Қалада да, ауылдық жерлерде де шамдардың ең көп таралған түрі жарықдиодты шамдар, барлық қолданылатын шамдағы олардың үлесі сәйкесінше 68,7% және 56,4%.

2022 жылы үй шаруашылықтарының электр энергиясын тұтынуы 14 328,2 ГВт.сағат құрады. Электр энергиясын тұтынудың басым бөлігі (66,3%) қалалық жерлерде – 9 500,8 ГВт/сағ, ауылдық жерлерде – 4827,4 ГВт/сағ.

Берік Арманов
Бөлісу: