Қазақстан халқының 25% жіті респираторлық вирустық инфекциялармен ауырады

20 Маусым, 06:20 483

Алматыда тұмауға, коронавирустық инфекцияға және басқа да респираторлық патогендерге эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді іске асыру жөніндегі жұмыс кеңесі  өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, сарапшылар әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады, эпидемиологиялық қадағалау деректерінің сапасын арттыру және визуализациялау құралын пайдалану және респираторлық патогендерді мониторингілеуді, ден қоюды жақсарту үшін одан әрі іс-қимылдарды айқындау мәселелерін талқылады.

Лондондағы Фрэнсис Крик институтының жанындағы Дүниежүзілік тұмау орталығының директоры Никола Льюистің пікірінше, «Х ауруын» қандай-да бір басқа белгілі патогендер тобы тудыру мүмкіндігінен гөрі, оның  тұмау вирусынан туындау ықтималдығы жоғары.

«X ауруы» - бұл кезекті пандемияны тудыруы мүмкін гипотетикалық жаңа немесе белгісіз ауруды сипаттау үшін қолданылатын термин , - делінген мәліметте. 

Кеңеске қатысушылардың пайымдауынша, А (H5N1) құс тұмауы вирусының айналасында қалыптасқан жағдай алаңдаушылық тудырады. Американдық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректеріне сәйкес, АҚШ-тың он штатында H5N1 құс тұмауының 86 жағдайы анықталды, сондай-ақ 3 адамның ауырғаны тіркелді.

Жыл сайын Қазақстанда халықтың шамамен 25%-ы жіті респираторлық вирустық инфекциялармен ауырады.

2023 жылғы эпидемиялық маусымда Қазақстанда 4 млн астам жіті респираторлық инфекция тіркелді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: