«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда

14 Ақпан 2023, 16:15 920

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша қор зардап шеккен 585 адамға жалпы сомасы 2 млрд 249 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті:

- құрбан болғанҚР 139 азаматының отбасыларына - 973 млн теңге;

- құрбан болған азаматтардың отбасындағы 115 балаға - 230 млн теңге;

- 165 ауыр жараланған азаматқа - 495 млн теңге;

- жарақат алған 13 баланың отбасына - 39 млн теңге;

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ІІМ және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасына – 133 млн теңге;

- ауыр жараланған.111 әскери қызметшіге, ІІМ және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне – 333 млн;

- қаза тапқан әскери қызметшілердің, ІІМ мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге көмек көрсетті.

Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасының расталған ақпаратты ұсынуы бойынша Қор қайырымдылық көмек көрсетеді. Көмек көрсетілгендердің тізімі qazaqstanhalqyna.kz сайтында.

Бибигуль Куламан
Бөлісу: